Ұстаздар династиясы
Отынбаевтар әулетінің педагогикалық еңбек өтілі 126 жылдан асады. Олар үшін ұстаз қызмет жай ғана мамандық емес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан өмір салты. Бұл әулеттің ұстаздары тарихтан бастап өнерге дейінгі түрлі пәндерден сабақ береді. Ұстаздық жолды жалғастырушы балалар бүгінде білім беру және шығармашылық салаларында еңбек етіп, өз білімдері мен тәжірибелерін шәкірттеріне үйретіп келеді.