Қызмет алушылар күні
Мемлекеттік қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелерді жедел шешіп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылды. Тұрғындар денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мамандарға сауалдарын қойып, кеңес алды.