Республикалық детектив байқауы қорытындыланды
Детектив - әдебиеттегі ең тартымды, қызықты әрі жұмбаққа толы жанрлардың бірі. Елімізде жыл сайын республикалық детектив шығармалар байқауы өтетін дәстүр қалыптасқан. Биыл Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауы Абай облысында қорытындыланды. Осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған әдеби доданың қорытынды жиынына облыс әкімі Берік Уәли қатысты.