«Жас ғалымдар шеберханасы» жобасы
Семейде «Жас ғалымдар шеберханасы» жобасы басталды. Бастама жергілікті жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытып, саладағы жаңа мүмкіндіктермен таныстыруды көздейді. Аймақта алғаш қолға алынған жобаға алыс-жақын өңірлерден білікті мамандар шақырылған.