Күнбағысты қалдықсыз өңдейтін зауыт
Абай облысында ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге ден қойғандар көбейіп келеді. Өйткені, шаруалар өсіргенін шикізат күйінде сату тиімсіз екенін түсіне бастады. Өңірде биыл агроөнеркәсіп кешенінде 23,7 млрд теңгеге 6 ірі жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде өнімді қайта өңдейтін өндірістер де бар.