Абай облысындағы цифрлық жобалар
Абай облысында алдағы екі жылда ауылдардың 96 пайызы жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Семейде 5G желісін кеңейту, жасанды интеллект негізіндегі жобаларды дамыту жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Бұдан бөлек, өңірде жаңа буын IT-мамандарын даярлауға басымдық берілген. Аймақтағы цифрландыру жұмыстарының нәтижесі мен алдағы жоспарлар Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.