Негізгі Жаңалықтар «Аягөз – Тарбағатай» бағытындағы жол ашылды

«Аягөз – Тарбағатай» бағытындағы жол ашылды

Тұрғындар тілегі орындалған күн. Бүгін Абай облысында көптен бері Аягөз жұрты жиі айтып жүрген «Аягөз – Тарбағатай» бағытындағы жол салтанатты түрде ашылды. Республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай - Боғас» автожолының жалпы ұзындығы 66 шақырым болатын үш учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жолдың ашылуына облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Облыс әкімі күре жолдың халық үшін маңызын атап өтті. «Қарағанды - Аягөз – Тарбағатай – Боғас» жолы сонау сексенінші жылдары салынған. Содан бері жарытып жөндеу көрмеген еді. Күре жолдың Абай облысы аумағындағы ұзындығы 618 шақырым. Бұл бағытпен тәулігіне 600-ге дейін дейін автокөлік қатынайды. Жөндеу барысында жол жиектері ретке келтіріліп, су өткізу құбырлары мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым жаңартылды. Бұған дейін екі сағат уақыт алатын «Аягөз – Тарбағатай» бағытындағы жолды енді небәрі 40 минутта еңсеруге болады.  

Бөлісу