Қысқа дайындық облыс әкімінің назарында
Облыс әкімі Берік Уәли Ақсуат ауданының орталығы Ақсуат ауылындағы коммуналдық кәсіпорынның қызметімен, ондағы техникалардың қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Қыс мезгілінде аудан аумағындағы автомобиль жолдарын қардан тазарту, көшелерді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы техникалардың жарамдылығы мен жеткілікті болуы маңызды.