Спорттағы тең мүмкіндіктер
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында инклюзивті инфрақұрылымды дамытып, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорт нысандарын көбейтуді тапсырған болатын. Абай облысында бүгінде 23 мың 900-ге жуық ерекше қажеттіліктері бар азамат тұрады. Оның 3 мыңға жуығы – балалар. Өңірде инклюзивті спорт түрлері қаншалықты дамыған? Спортшылар қандай жетістіктерге жетіп жүр? Келесі материалда.