Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий қажет пе?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда Үкімет пен Құрылтай депутаттарына 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Президент кәсіпкерлер тарапынан тіркелген құқық бұзушылықтар санының азайғанын, ал салынған айыппұлдардың керісінше 11 пайызға өскенін айтты. Бизнеске жоспардан тыс тексерулер саны бірнеше есе артқан. Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін әкімшілік қысымды азайту қажеттігін атап өткен болатын. Бұл бастаманы семейліктер қалай қабылдады? Осыны білу үшін тілшіміз қала тұрғындарымен сұхбаттасты