«Бақты-Аягөз» темір жол желісі келесі жылы іске қосылады
Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жобаның бірі – «Бақты – Аягөз» теміржол желісі. Президент Жолдауында жаңа бағыт келесі жылы іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл жоба Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігін қосымша 20 миллион тоннаға арттыруға тиіс. Ал Абай облысы үшін жаңа жұмыс орындары, логистика саласына инвестиция тарту және шекара маңындағы сауданы дамытуға жол ашады. Темір жол желісі 303 шақырым. Жоба аясында 11 станция мен пункттен, ондаған көпір және басқа да инженерлік нысандар салынады. Ал Абай облысы үшін теміржолдың маңызы тек жүк тасымалымен шектелмейді. Қойма, жүк өңдеу, тасымалдау және қызмет көрсету салаларының дамуына ықпал етеді-дейді мамандар. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өңірде 1200 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазір құрылыс кезеңінің өзінде мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр.