Жәрмеңкеде жергілікті өнімдер саудаланды
ТАҚЫРЫП: Жәрмеңкеде жергілікті өнімдер саудаланды
Семей қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру және тұрғындарды қолжетімді бағадағы сапалы өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған Семей қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен қатар, жақын және шалғай аудандардан келген шаруалар да қатысты. Олар өз өнімдерін нарықтағы орташа бағадан 10–15 пайызға төмен ұсынып, қала тұрғындарына тиімді бағамен сауда жасауға мүмкіндік берді.