Қарағайлы ауданында жасыл-желек көбейді
Семейдің Қарағайлы ықшам ауданында 100-ге жуық тал егілді. Игі іс «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қолға алынып, Республика күніне орайластырылған. Отырғызылған ағаштардың басым бөлігі — пирамидалық терек пен қайың. Бұл ағаш түрлері қаланың жасыл желек қорын толықтырып, аумақтың көркін арттыруға мүмкіндік береді. 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер ортақ іске өз үлестерін қосты. Семей қаласында көгалдандыруға бағытталған экологиялық акциялар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.