Жол мамандарының жауапты еңбегі
Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 447 шақырымына қайта жаңғырту және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қытай мен Ресейді жалғайтын халықаралық транзиттік дәліздің маңызды бөлігі «Майқапшағай – Қалбатау» жолының 188 шақырым учаскесін қайта жаңғырту аяқталуға жақын. Бұдан бөлек облыстағы 260 шақырым жуық жол жөнделуде. Бұл туралы автожол саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтағанда мәлім болды