Инсульттің алдын алу маңызды
Медицинадағы мүмкіндіктер артқанымен, инсульт қаупі әлі де өзекті. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың алдын алу үшін ең алдымен тұрғындар өмір салтына мән беруі қажет. Ал инсульт белгілері байқалған жағдайда уақыт созбай, медициналық көмекке жүгінген жөн. Осы мәселелерді талқылау үшін мамандар бас қосып, тәжірибе алмасты.