Облыста салық берешегі 557 миллион теңгеден асты
Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 миллион теңгеге жетті. Оның басым бөлігі - көлік салығы. Қарызын уақытылы өтемеген азаматтардың банк шоттары мен мүлкіне тыйым салынуы мүмкін. Ал берешек белгіленген межеден асса, шетелге шығуына да шектеу қойылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.