96 жас маман ауыл мектептерін таңдады
Абай облысында білім беру саласын дамыту бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасуда. Өңірде үш пен алты жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетті. Сондай-ақ, Семей қаласында ваучерлік қаржыландыру жүйесі де табысты жүзеге асуда. Оқушы орындарының тапшылығын шешу бағытындағы жұмыс та жүйелі іске асып жатыр. Бұл туралы сала басшылығы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.