Абай облысында «Тұмар 112» қосымшасы енгізілді
Қыс қарсаңында өрт қауіпсіздігінің алдын алу күшейтілді. Құтқарушылар тұрғын үйлерді аралап, мұржаларды тазартып, улы газды анықтайтын датчиктер орнатуда. Әсіресе жалғызбасты зейнеткерлер мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға басымдық берілген. Бұл жұмысты жүйелеу мақсатында өңірде «Тұмар 112» мобильді қосымшасы сынақтан өткізіліп жатыр. Ерекше бақылауды қажет ететін жеке тұрғын үйлердің электронды базасы жасақталады. Бұл шаралар «Ата-анаңның үйін тексер» акциясы аясында қолға талынған.