Қазақ тілінің аясын кеңейту баршамызға ортақ міндет-Л.Готман
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ғылым мен технологиядағы әлеуетін арттыру. Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X Құрылтайында мемлекеттік тілді дамытуға қатысты бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, қазақ тілінің емле ережелері қайта қаралып, орфографиялық сөздік жаңартылады. Сонымен қатар ұлттық мұраны цифрландыру, қазақша контентті көбейту және мемлекеттік тілдің жасанды интеллект жүйелеріндегі қолданысын арттыру мәселелері көтерілді. Ал қазақ тілінің өрісін кеңейтуге әр азамат үлес қосуы керек. Неміс ұлтының өкілі Лиза Готман да осындай пікірде