Әкіммен ашық әңгіме
Абай облысының әкімі Берік Уәли «SEMEI» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, өңірдің бүгінгі тыныс - тіршілігі мен алдағы даму жоспарлары туралы кең көлемде сұхбат берді. Әңгіме барысында аймақ басшысы облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуы, миллиардтаған инвестиция тартқан ірі жобалар, Семейдегі құрылыс қарқыны, «Абайға құрмет» акциясы аясындағы жұмыстар және жылдар бойы қордаланған өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай -ақ тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, өңірдің даму басымдықтарын баяндады. Бұл Берік Уәлидің облыс әкімі қызметіне тағайындалғанына 1 жыл 9 ай өткен соң жергілікті телеарнаға берген бірінші ауқымды сұхбаты.