Семейде кәсіподақтардың жаңартылған ғимараты ашылды
Семей қаласында кәсіподақ ұйымдары кәсіби күнін атап өтті. Осы мереке күрделі жөндеуден кейін жаңарған ғимараттың ашылуымен тұспа-тұс келді. Ғимараттың лентасы қиылып, азаматтарды қабылдауға және жұмыс істеуге арналған заманауи әрі жайлы кеңістіктің есігі айқара ашылды.