Жаңа конституция жобасы мен алдағы республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында «Әділетті және прогрессивті қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» республикалық бастамасы аясында облыстық коалициясы құрылған болатын.Бүгін коалиция мүшелері «Семей құрылыс материалдары» зауытына еңбек адамдарымен кездесті .