Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Былтыр жарты ғасыр жөндеу көрмеген 9 білім беру мекемесінде реновация бағдарламасы жүзеге асырылды. Соның екеуі Үржар ауданында орналасқан. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепке «Қазақстан халқына» қорынан 250 миллион теңге бөлініп, материалдық-техникалық базасы түгел жаңартылды.