Адвокатураның мәртебесін Конституция деңгейінде бекіту – әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама адвокаттардың емес, ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Жаңа Конституция жобасының 86-бабында адвокатураға жеке баптың арналуы – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтудың нақты көрінісі. Аталған норма сала мамандарының кәсіби тәуелсіздігін конституциялық деңгейде бекітіп, сот және тергеу жүйесіндегі тепе-теңдікті күшейтеді.