Еліміздің бірқатар өңірінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция аясында аймақтық коалициялар жұмысын бастады. Негізгі мақсат - тұрғындарға жаңа Конституция жобасының мазмұнын жан-жақты түсіндіру. Осы бастама аясында Абай облысында да өңірлік коалицияның отырысы өтті.