Жаңа Конституция жобасына қатысты өтетін референдумға ел азаматтары қолдау білдіруде. Бұл – ел болашағына қатысты маңызды шешімдердің бірі. Жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қоғам үн қосты, 10 мыңнан астам пікір жиналды. Бұқара бұл бастаманы ел дамуы үшін маңызды қадам деп бағалайды. Референдум әр азаматтың пікірін ашық білдіруге мүмкіндік береді дейді біздің арнаға пікір білдіргендер.