Абай облысында өрт қауіпі кезең басталғалы екі бірдей орман өрті тіркелді. Ал былтыр 200-ден астам жағдай орын алған. Қазір өңірде 38 мобильді топ орман мен дала аумағын тәулік бойы бақылауға алған. Мамандар бір сәттік салғырттықтың соңы ірі апатқа әкелуі мүмкін екенін ескертеді.