Абай облысында аймақ басшысының «Руханият – 2026» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шара Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылды. Дәстүрге айналған марапат шығармашылық иелерінің рухани саланы дамытуға қосқан үлесіне құрмет көрсету мақсатында тағайындалған. Марапаттау рәсімін Абай облысының әкімі Берік Уәли өткізіп, биыл да зиялы қауымның үздік өкілдерін марапаттады