Абай облысының әкімі Берік Уәли Үржар ауданындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанды аралады. Аймақ басшысы Науалы ауылындағы бос тұрған бұрынғы балалар үйінің жағдайымен танысып, жаңа мақсатта пайдалану мүмкіндігін қарастырды. Сонымен қатар Үржарда салынып жатқан коронарлық араласу орталығының құрылысын көріп, стадионды жаңғырту және ауыз су желілерін жаңарту жобаларына да назар аударды.