«Daryn Robotics Cup 2026» атауымен Семей қаласында республикалық робототехника турнирі өтіп жатыр. Биылғы жарыстың басты тақырыбы – археология. Осыған орай оқушылар тарихи артефактілерді іздеу мен зерттеуге көмектесетін роботтар құрастырды. Заманауи технологиялар еліміздің болашақ инженерлері мен бағдарламашыларын қалай біріктіріп жатқанын Бақытгүл Қазез баяндайды