Жеңіс күнін Бородулиха ауданы ерекше ұйымдастырды. Ауылдың ипподромында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, үздіктер марапатталды. Мерекеге аудан әкімдігімен бірге шаруа қожалықтары ат салысып, қолдау көрсетті.