Қаржы министрлігінің бастамасымен жыл басында кәсіпкерлерге тегін кеңес беретін «Халық бухгалтері» акциясын бастаған еді. Абай облысында республикалық акциясының қорытындысы шығарылды. Осы аралықта жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес нысандарына бухгалтерлік және салықтық есепті дайындау және тапсыру бойынша кеңес берілді.