Алакөлде туристік маусым ресми түрде ашылды. «Алакөл алаулары – 2026» фестивалі көл жағасын думанға бөлеп, Алакөлдің жазғы демалыс орны ретіндегі мәртебесін тағы бір айшықтай түсті. Абай облысының әкімі Берік Уәли демалушыларды жаңа демалыс кезеңінің басталуымен құттықтады.