Бүгін Семей қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сәрсенбаева барды. Ашық есік күні аясында орталықтың қызметі таныстырылып, келушілерге көрсетілетін құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау түрлері туралы жан-жақты ақпарат берілді.