Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты Шығыс өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының екінші кезеңі өтті. Оған Өскемен, Павлодар, Курчатов және Абай облысының өзге этнос өкілдерінен құралған әскери қызметшілер қатысты.