Қазақстанда 740 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Оның 110 мыңнан астамы бала. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау, оңалту және қоғамға бейімдеу бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен күшейтіп келеді. Мысалы Абай облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған тұңғыш абилитация және оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Онда жылына мыңдаған адам жан-жақты көмек алады