Мемлекеттік табиғи «Семей орманы» резерваты аумағында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Парктер шеруі» экологиялық акциясы қорытындыланды. Бір ай бойы өткен шаралар барысында қатысушылар табиғатты қорғауға бағытталған түрлі бастамалар өткізіп,экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосты. Акция соңында белсенді қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.