Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Абай облысындағы әскери жинақтау пункттеріне кәмелетке толмаған азаматтар жеткізіліп жатыр, деген ақпарат тарады. Қорғаныс істері департаменті бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, мерзімді әскери қызметке тек заңда белгіленген жас санатындағы азаматтар ғана шақырылады.