Облыстық мәслихаттың төрағасы Шалқар Байбековтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 38- сессиясы өтті. Депутаттар облыстық бюджет пен білім беру саласына қатысты мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады. Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты