Семей ядролық сынақ полигоны – 20 ғасырда адамзат тарихындағы ең ауыр қасіреттердің бірі. Қырық жыл бойы қазақ даласы ядролық қарудың сынақ алаңына айналды. 1949 жылғы 29 тамызда алғашқы атом бомбасы жарылып, сол күннен бастап мыңдаған адамның тағдыры өзгерді. Полигон жабылғанымен, оның салдары әлі күнге дейін сақталып келеді, дейді зерттеушілер.