Семейде Абай облысындағы алғашқы BINOM мектебінің құрылысы басталды. Заманауи білім ордасы Қарағайлы шағын ауданында бой көтереді. 1400 оқушыға лайықталған жаңа мектеп өңірдегі білім беру сапасын арттырып, қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға да серпін береді.