Еліміздегі халықаралық транзиттің бірі, Қытай мен Ресейді жалғап жатқан «Омбы - Майқапшағай» күре жолының Абай облысындағы 188 шақырымында қарбалас. Қазір бұл жолдың Қалбатаудан Шығыс Қазақстан облысына дейінгі аралығы абаттандырылып жатыр. Осы ретте «Халықтық бақылау» жобасы аясында жол мамандары, сала ардагерлері, облыс тұрғындары жол бойындағы атқарылған жұмыстармен танысты