Бүгін сол жағалаудағы жағажайға облыс әкімі Берік Уәли барды. Аймақтың басшысы жағажайдағы тазалықты, демалушыларға жасалған жағдайды көрді. Қазір мұнда демалыс күндері 4 мыңға дейін адам келіп, суға шомылады. Алайда қала тұрғындарының демалуына жасап жатқан игілікті істің қадірін білмей жатқандар бар. Жуырда ғана жаңадан қойылған орындықтар мен шлагбауымды біреулер сындырып кеткен