Экологиялық мәдениетті қалыптастыру - басты назарда. Семей балық шаруашылығы инспекциясының мамандары өңірдегі су айдындары мен жағалауындағы аумақтардың санитарлық жағдайына бақылауды күшейтті. Жаз маусымында өзен жағалауында демалатындар көп. Жан жағын жинамай, қоқысты шашып кететіндер аз емес. Инспекторлар шаруашылықтарды және тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.