Алакөл жағалауындағы қауіпсіздік ақылды камера бақылауында. Демалыс аймағында орнатылған интеллектуалды бейнебақылау жүйесі құқықбұзушылықтарды анықтап, жоғалған адамдар мен заттарды санаулы минутта табуға мүмкіндік береді. Биыл демалыс маусымы басталғалы жаңа жүйенің көмегімен 100-ден аса бала ата-анасына табысталып, жоғалған ұялы телефондар мен сөмкелер иелеріне қайтарылған.