Жаз мезгілі басталғалы Алакөлдің жағалауына келетін туристердің қарасы қалың. Емдік қасиетімен танымал көлге еліміздің өңірлерінен ғана емес, шетелдерден де келіп, тынығып жатыр. Көлдегі биылғы маусым отандық туризмнің жандана түскенін байқатады. Тілшіміз демалушылармен сұхбаттасып келді.