Халықтық Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтауға баса мән берілген. Жаңа Ата Заңның 40-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi» деп, тайға таңба басқандай анық жазылған. Бұл - бас құжаттағы мәдениет пен руханияттың маңызы мен рөлін айшықтай түседі