Өңір экономикасында өсім бар. Негізгі даму көрсеткіштерінде 6 айдың қорытындысы бойынша Абай облысы республикада алдыңғы қатарда. Әсіресе, құрылыс қарқыны көңіл қуантады. Республикада алғашқы үштіктеміз. Инвестиция тартуда да есебіміз түгел. Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде 290 мыңнан астам адам сенбілікке шыққан. 44 мыңға жуық қоқыс шығарылған. Бұл туралы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында мәлім болды.