Семейде ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды кездесу өтті. Жиында елдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, еселі еңбегі жоғары бағаланды. Салтанатты шара барысында бірқатар ардагерге мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табысталды.