Орманшыларға құқықтық кеңес берілді
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлерімен кездесу өтті. Резерват мамандарына Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі баптары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар жұмыс орындарында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жүйені енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Мамандар мемлекеттік мекемелердегі комплаенс-бақылаудың негізгі мақсаты – жұмыс үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету, заң талаптарын қатаң сақтау және тәуекелдердің алдын алу екенін атап өтті. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандармен кеңесті.